Жобаның мақсаты: Кибербуллинг мәселесін шешу үшін STEM технологияларын қолдана отырып, құқықтық және техникалық құралдар әзірлеу. Оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру және қауіпсіз интернет мәдениетін қалыптастыру.
ҚР ӘҚБК 73-3-бабы туралы қарапайым түсінік
Кибербуллинг жасаса — яғни интернетте біреуді қорқытса, мазақтаса, ренжітсе немесе жаман ақпарат таратса — ол үшін заң бойынша жауапкершілік бар.
Бұл бапта былай делінген:
-
Ескерту берілуі мүмкін.
Яғни адамға ресми түрде «бұлай жасауға болмайды» деп айтылады. -
Немесе айыппұл салынады.
Әрекетінің ауырлығына қарай ақша төлеуге міндеттеледі.
ҚР «Жеке деректер және оларды қорғау туралы » заңы.
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне баланың құқықтарын қорғау, білім беру, ақпарат және ақпараттандыру мәселелері бойынша өзгерістермен толықтырулар енгізу туралы.
Қазақстан Республикасының Заңы 2022 жылғы 3 мамырдағы № 118-VII ҚРЗ.
18-4-бап. Интернет-ресурстардағы балаға қатысты кибербуллинг фактілерін қарау мәселелері бойынша өтініштер:
- Балаға қатысты кибербуллинг фактілері анықталған жағдайда, азамат не баланың заңды өкілі құқыққа қарсы әрекеттер орын алған интернет-ресурстың атауын көрсете отырып, балаға қатысты жасалып жатқан кибербуллинг фактілері туралы өтінішпен уәкілетті органға жазбаша түрде немесе электрондық құжат нысанында жүгінуге құқылы.
- Өтінішті қараудан бас тартуға азамат не баланың заңды өкілі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағым жасай алады.
- Ескертпе. Осы баптың мақсатында кибербуллинг деп интернет-ресурс пайдаланыла отырып балаға қатысты қорлау сипатындағы жүйелі (екі және одан көп) әрекеттер, баланы қудалау және (немесе) қорқыту, оның ішінде қандай да бір әрекетті жасауға немесе жасаудан бас тартуға мәжбүрлеуге бағытталған әрекеттер түсініледі.».
- «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» 2002 жылғы 8 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына:
- 1) 1-бап мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
«4-1) баланы жәбірлеу (буллинг) – қорлау сипатындағы жүйелі (екі және одан көп) әрекеттер, қудалау және (немесе) қорқыту, оның ішінде қандай да бір әрекетті жасауға немесе жасаудан бас тартуға мәжбүрлеуге бағытталған әрекеттер, сол сияқты жария түрде немесе бұқаралық ақпарат құралдары және (немесе) телекоммуникация желілері пайдаланыла отырып жасалған дәл сол әрекеттер (кибербуллинг);»;
2) 10-баптың 2-тармағындағы «оны тәнiн және (немесе) жанын жәбiрлеуден, адамдық қадiр-қасиетiн қатыгездiкпен, дөрекiлiкпен қорлаудан, кемсiтуден,» деген сөздер «оны физикалық және (немесе) психикалық күш көрсетуден, адамның қадір-қасиетіне қатыгездікпен, дөрекілікпен қараудан немесе оны қорлаудан, баланы жәбірлеуден (буллингтен),» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 30-баптың 1-тармағының оныншы бөлігіндегі «ата-анасын немесе басқа заңды өкілдерiн анықтау үшiн» деген сөздер «ата-анасын немесе басқа да заңды өкілдерін анықтау және оларға беру үшін» деген сөздермен ауыстырылсын.
- Егер кәмелетке жасы толмағандарға байланысты мынадай сұрақ туындаса : әлеуметтік желіде кибербулингке ұшыраған кәмелетке толмаған бала қайда шағымдана алады? – Қазіргі қолданыстағы заңнама кәмелетке толмағандарға да, жала жабу, қорлау, өзіне қол салуға итермелеу және т. б. түріндегі буллинг немесе кибербуллинг әрекеттері үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікті қарастырады. Сонымен бірге, бұл аталған нормалар жеке немесе жеке-жариялы тәртіпте жұмыс істейді, сондықтан қылмыстық іс қозғау үшін зардап шеккен тараптың өтініші қажет.
Осыған байланысты, өзіне қатысты әлеуметтік желіде кибербуллинг жасалған адам және кәмелетке толмағандарға қатысты заңды өкіл әлеуметтік желідегі қудалау фактілері бойынша құқық қорғау органдарына жүгіне алады. Осы өтініш негізінде құқық қорғау органдарының қызметкерлері ҚР заңнамасында белгіленген уәкілетті органның мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл тәртібі аясында азаматқа қатысты кибербуллинг фактілері туралы хабарламамен Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне жүгінеді. Бұл ретте, әлеуметтік желілерде өзіне қатысты қудалауға тап болған азамат әлеуметтік желілердегі заңға қайшы хат-хабарларды жедел жою үшін де Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне жүгінуге құқығы бар .
Құқық қорғау органдары қызметкерлерінен немесе азаматтың өзінен келіп түскен өтініш негізінде Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі құжаттарда көрсетілген фактілерді растау үшін әлеуметтік желілерге тексеру жүргізеді. Кибербуллинг анықталған жағдайда әлеуметтік желілерге заңға қайшы ресурсқа қолжетімділікті шектеу не оны жою жөнінде шара қабылдау қажеттігі туралы нұсқама дайындайды.
ҚР заңнамасында кибербуллингке қарсы қандай құқықтық тетіктер бар екенін саралау. Қазақстанда кибербуллингке тікелей қатысты арнайы заң әлі қалыптасу сатысында. Дегенмен, бұл мәселеге жанама түрде қолданылатын бірнеше заңнамалық нормалар бар:
- ҚР Конституциясы – әр азаматтың жеке өміріне, ар-намысына және қадір-қасиетіне қол сұғылмауын қамтамасыз етеді.
- ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі – жала жабу, қорлау, жеке мәліметтерді заңсыз тарату бойынша әкімшілік жауапкершілікті көздейді.
- ҚР Қылмыстық кодексі – кибербуллингтің ауыр түрлері (қорқыту, бопсалау, жеке өмірге араласу) қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғуы мүмкін (мысалы, 147-бап – “Жеке өмірге қол сұғу”, 194-бап – “Бопсалау”).
2023 жылы енгізілген “Балаларды кибербуллингтен қорғау” туралы заңнама – бұл заң интернет-платформаларға буллингтік контентті жою міндетін жүктейді және ата-аналар мен мектептерге ақпараттық-танымдық жауапкершілік жүктейді.
